16.04.25 күні «Жасыл жобалар: қалдықтардан қайта өңделген қалдықтармен қоғамды жақсарту» тақырыбында жобалар байқауы өтті. Мақсаты: қоршаған ортаның маңыздылығын түсініп, қалдықтарды қайта өңдеудің пайдасын біледі. Жоба аясында оқушылар «Жасыл планета: энергияны үнемдеу және қалдықтарды өңдеу» макетін жасап, қорғап шықты. Оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды үнемдей отырып, қоғамды жақсарту бойынша өз жобаларын ұсынды. Жобаның нәтижесінде оқушылар өздерінің экологиялық мәдениетін арттырып, жауапкершілік сезімін дамытып, шығармашылық және зерттеу қабілеттерін шыңдайды.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#экологиялықсауаттылықапталығы




