Skip to content

1 қазан- Қарттар күні мерекесі мен Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында…

1 қазан- Қарттар күні мерекесі мен Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында 8”А” сынып оқушылары ардагер ұстаз Көптемісова Айнакүл Сүйіндікқызының үйіне барып, құттықтап қайтты.
Қарттар күні — тек жас туралы емес,
Бұл — жасампаз ғұмыр, ғибратты еңбек, шәкірт жүрегінде қалған ізіңіз туралы күн.
Сіздей жандардың арқасында біз бүгінде білім алып, елге қызмет етіп жүрміз.
Өміріңізді ұрпақ тәрбиесіне арнадыңыз. Сіздің әр сөзіңіз – бағыт, әр ісіңіз – үлгі.
Біз сізді мақтан етеміз, ұстазым!

Осы қарттық шағыңыз — бейбіт, шат-шадыман болсын.
Немере-шөбереңіздің қызығына кенеліп,
Деніңіз сау, көңіліңіз жайдарлы болғай! деген жүрекжарды тілектерін аяулы ұстаздарына арнады.
#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi #uo_krg #umckrg #адал_азамат #қарттаркүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *