Skip to content

2025 жылдың 25 қыркүйек күні «Саяқ кентінің №6 жалпы білім…

2025 жылдың 25 қыркүйек күні «Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің оқушылары «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» Саяқ станциясына кәсіби сынамаға барды.

Іс-шара барысында оқушылар теміржол мамандарының жұмысымен танысып, пойыз қозғалысын реттеу, жүк және жолаушы тасымалының ерекшеліктері жайлы мәлімет алды. Сондай-ақ станция қызметкерлері теміржолдағы қауіпсіздік ережелері мен жұмыс тәртібі туралы түсіндірді.
Бұл кәсіби сынама оқушылардың мамандық таңдаудағы көзқарастарын кеңейтіп, болашақта теміржол саласына қызығушылығын арттырды.
#біртұтастәрбиебағдарламасы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *