15.09.күні “Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе” атты онкүндік іс-шара аясында “Абай мұрасы-ұлт ұлағаты” Абай күні өтілді.
📘 Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. Сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру. Көркем сөйлеуге, шәкірттерді адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
📔Оқушылар шара барысында Абайдың өлеңдерін оқып, әнін орындады.Ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты деректер қатысушыларға өз ой-пікірлерін ортаға салуға мүмкіндік берді.
Абай мұрасын ұлықтау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтіп, оның шығармаларын кеңінен насихаттауға шақырды.
#Адал_азамат #біртұтас_тәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi
