Бүгін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС атынан демеушілік көмекпен Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына , оның ішінде футбол үйірмесіне қатысатын ұл балаларға спорттық сөмкелер табысталды. Сөмке ішіне спорттық киім, су құятын бөтелке және 2025–2026 жылдарға арналған шағын күнтізбе салынған. Осындай игі іс-шара ұйымдастыру арқылы жас жеткіншектерді салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыра білдіңіздер. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-не шын жүректен алғысымызды білдіреміз. Сіздер қайырымды істеріңіз арқылы балалардың жаңа оқу жылында жаңа көзқарас қалыптастырып, шат көңілмен қадам басуына себепкер болдыңыздар. Сіздердің тараптарыңыздан әлеуметтік қолдау жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табатыны — ел болашағына деген жанашырлықтарыңыздың айғағы.
Сіздерге шын жүректен алғысымызды білдіре отырып, ұжымдарыңызға толайым табыс, тұрақты даму мен өркендеу тілейміз!
#kazakhmys.news #balqash_qalasy_bilim_bolimi #umckrg #Адал_азамат
