Skip to content

⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған Алматыдағы алғашқы ұлттық мектептің жаңа ғимаратының…

⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасымен басталған Алматыдағы алғашқы ұлттық мектептің жаңа ғимаратының құрылысы аяқталуға жақын. Бұрынғы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты бүгінде «Абай Ұлттық мектебі» атауымен қайта жаңғыртылды. Жаңа мектеп 900 оқушы орнына арналған, одан бөлек интернат, ұстаздар үйі, кітапхана және спорт кешені салынуда. Білім беру мазмұны Абай философиясы мен «бес құндылыққа» негізделеді.

🌏Сапар соңында министр Республикалық физика-математика мектебінің филиалында болды. Мұнда ғимаратты қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Жақында жаңартылған мектепте заманауи кітапхана, спорт залы, медиатека, лекторий-амфитеатр және халықаралық олимпиадаларға дайындыққа арналған зертханалар ашылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *