Skip to content

✨ Отбасы күніне орай мектебімізде ерекше шара – «Сау ұрпақ»…

✨ Отбасы күніне орай мектебімізде ерекше шара – «Сау ұрпақ» атты спорттық сайыс ұйымдастырылды. Бұл сайысқа әпкелер мен балалар белсене қатысып, өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, спортқа деген сүйіспеншілігін көрсетті. 🏃‍♀️⚽🏆

🤝 Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұрпақтың бойына спортқа деген қызығушылықты қалыптастыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу болды. Әпкелер мен балалар арасындағы сайыс тек жарыс қана емес, бірлік пен татулықтың, ынтымақ пен өзара қолдаудың жарқын көрінісі болды.

💡 Мұндай шаралар жас ұрпақтың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың бойына қайсарлық пен жігерлілікті сіңіреді. Сонымен бірге ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жақсартып, достық пен сыйластықты арттырады.

🌿 «Сау ұрпақ – жарқын болашақ!» деген ұран аясында өткен сайыс көпшіліктің көңілінен шығып, мерекеге ерекше рең берді.
#Адал_азамат #балқашбілімбөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *