04.02.2025 күні мектебіміздің ата-аналарымен Балқаш қаласы ПБ ЖПҚб ЮПб-нің инспекторы Н.А.Қоразбаев кездесу өткізіп,түсіндірме жұмысын жүргізді.
Мақсаты: ата-аналардың құқықтық сауатын арттырып, құқықбұзушылық және қылмыс белгілері, оның түрлерімен , жасөспірімдердің және ата-аналардың құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Құқық бұзушылықтың жазасы қандай болатынын ескерту,түсіндіру.
Кездесу барысында ювеналды полиция инспекторы ата-аналарға мектеп оқушылары арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмаған тұлғалардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі туралы түсіндірді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, ерте жүктілік, лудомания тағы сол сияқты мәселелердің алдын алу бойынша түсіндіріп қана қоймай, отбасында ата-аналардың балаларға көбірек көңіл бөлінуін талап етті.
Бос уақытты тиімді өткізуге, кешкілік уақытта бей-берекет далада жүрмей тәртіп сақтауын қадағалауға шақырды. Сонымен қатар ұрлық,есірткі жасыру, буллинг пен кибербуллинг мәселелері, авто-мотокөліктерді заңсыз жүргізу туралы сұрақтар талқыланды. Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің ойланбай істеген әрекеттері үшін ата-аналары жаза немесе айыппұл арқалайтынын да айтылды. Ата-аналар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Қазан айының 24-і күні 1-11 сынып ата-аналарымен “Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес” тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.Оқу-тәрбие жұмысы бойынша 1 тоқсанның есебі. ДОІЖО Уатхан А. Б.
ДТІЖО Молжигитов Е.К.
2. “Папиллома,оның алдын алу вакцинасы” Қабдығали Камила Марғұланқызы жергілікті аурухана гинекологы.
3. «Нашақорлық,есірткіге құмарлық,оның алдына алу және балалар қауіпсіздігін бақылау алгоритімімен таныстыру. Полиция лейтенанты Куленов Берик Нұрланұлы.
4.Әртүрлі мәселелер.





2025 жылдың қазан айының 10-ы күні 1-11 сынып ата-аналарымен Полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау өкілдерінің қатысуымен “Нашақорлықтың алдын алу, есірткіге қарсы күрес” тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың, ата-аналардың және педагогтардың құқықтық мәдениетін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге тәуелділіктің зиянды салдарын түсіндіру арқылы нашақорлықтың алдын алу.
Күн тәртібінде:
1 “Жасөспірім және есірткі. Сенімді қарым-қатынас — басты қорған» Полиция лейтенанты Куленов Берик Нұрланұлы.
2. «Салауатты өмір-саналы ұрпақтың таңдауы» мектеп медбикесі К.Ш.Тойчибекова
3.Әртүрлі мәселелер.