Сәуірдің 29 күні 5-8 сыныптар арасында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ұлттар достығы» фестивалі өткізілді.
Мақсаты: Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдеп-ғұрпын сыйлауға үйрету. Көп ұлтты еліміздің тарихын білуге, елімізді өркендету жолында білімді де, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Барша қатысушыларға белсенділігі мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс айтамыз!Мереке құтты болсын, достар!
Мамырдың бірі, достық күні
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып, тойлаған ұлттар,
Керемет мереке, мамырдың бірі.

Сохраняя Европейский регион свободным от эндемического распространения полиомиелита с 2002 г., мы защищаем жизни детей и помогаем ликвидировать полиомиелит (#endpolio) во всем мире. Важна каждая прививка.
(EU, КСЕК, НЦОЗ и МЗ коллаборацию)
2002 жылдан бері Еуропа және Орталық Азия өңірін полиомиелиттің эндемиялық таралуынан сақтай отырып, біз балалардың өмірін қорғап, полиомиелитті бүкіл әлемде жоюға көмектесудеміз (#endpolio). Әрбір екпе маңызды.


30.04.күні мектебімізде 1 Мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған «Бір халық,бір ел,бір тағдыр!» саптық жиыны өтті.
Достық жыры,
Мамырдың бірі
Достықтың күні
Халықтар үні
Тұтасқан
Ұлттардың бәрі
Жарасқан жаны
Елімнің бағы,
Құт ашқан
Жүздері жарқын,
Сүйікті халқым
Бұзбайды салтын,
Достығын.



1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
🕊️“Бір халық, бір ел, бір тағдыр!” тақырыбында тәрбие сағаттары өтілді.
🕊️Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта оқушылардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Сәуірдің 25 күні «Мектеп лигасы» жобасы аясында 1 Мамыр –Ынтымақ және бірлік күнін орай 5-8 сынып оқушыларынан құрылған аулалық командалар арасында футболдан жарыс ұйымдастырылды.Жарысқа 4 команда қатысты.Жарыс нәтижесінде 1 жүлделі орынды «Берекелі» командасы,2 орынды «Жеңіс» командасы,3 орынды «Жібек жолы» командалары иеленді. Сонымен қатар жарыстың «Үздік ойыншысы» ретінде Жүніс Бекнұр,ал «Үздік қақпашысы» Секен Серікбол танылды.

5-7 сынып оқушыларының арасында өткен ақын Әбіл Кәріпбаевтің 80 жылдығына арналған «Қазына жүрек» тақырыбындағы І қалалық көркемсөз оқу байқауында 7 Ә сынып оқушысы
Жанатова Жанель (жетекшісі Молжигитов Е.Қ.) Бас жүлде және 25 мыңдық сертификат , 11 А сынып оқушысы Жакаева Жанель (жетекшісі Жумашева Г.Қ.) Алғыс хат және 5 мыңдық сертификатқа ие болды.
Құттықтаймыз!👏👏👏

“Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында 23сәуір-Ұлттық кітап күніне орай мектеп кітапханасында Саяқ кентінің N6 кітапхана филиалының кітапханашысы Оспанбекова Шолпан Медетовнаның қатысуымен білімнің кітап арқылы берілетінін, адам өміріндегі маңызын түсіндіру мақсатында “Кітап- ғажайып әлем” атты танымдық сабақ өтті. Оқушылар кітаптың шығу тарихы жайлы видеоролик көріп, “Кітап және компьютер” айтысын тамашалады. Шолпан Медетовна оқушылармен “Сөзжұмбақ” ойынын ұйымдастырды. Оқушылар қызығушылықпен сұрақтарға жауап беріп, кітап жайлы, өздері оқыған кітаптарымен ой бөлісті.


23-сәуір -Ұлттық кітап күніне орай, оқушылардың кітап оқуға, ертегілер оқуға құмарлығын арттыру мақсатында 1б сынып оқушыларына “Мейірімді ертегілер елінде” тақырыбында әңгіме өткізіліп, А.С.Пушкиннің “Царевна лягушка” ертегісі және даярлық сыныбына “Маса мен аңдар” ертегісі бойынша мультфильмдер көрсетілді.


23 апреля- Национальный день книги — это праздник который призван укрепить любовь к книгам и чтению. В библиотеке школы с учениками 3б класса был проведен урок “В мире доброй сказки” , приуроченный к 220-летию со дня рождения известного детского писателя, великого сказочника Г.Х.Андерсена, автора многих всеми любимых сказок. Дети знакомились с биографией, книгами и посмотрели мультфильм “Дюймовочка”. Этой сказке в этом году исполняется 190 лет. Как и другие сказки Андерсена “Дюймовочка” учит добру. Дети с интересом смотрели мультфильм.


18.04. күні мектебіміздің 1-11 сыныптарында «Суды үнемде — болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.Оқушыларға су – тіршілік көзі, сусыз өмір сүру мүмкін емес. Өкінішке орай, әлемде судың қоры шектеулі. Сол себепті әрқайсымыз оны үнемдеп, тиімді пайдалануға өз үлесімізді қоса аламыз. Біз табиғи ресурстарға бай, әдемі мемлекетте тұрамыз. Бірақ сусыз біздің еліміздің де, жалпы адамзат баласының дамуы мүмкін еместігі түсіндірілді.
Ертең қандай жағдай болатыны сіз бен бізге байланысты.Әрқайсыларыңызды бүгіннен бастап үйде, мектепте, далада суды қалай үнемдеуге болатындығы туралы ойлануға және бүгінгі алған білімдеріңізбен бөлісуге шақырамыз.
Суды үнемдеп – болашақты сақтаңыз!





Адамға жинақталған капиталын сақтауға және оны дұрыс пайдалануға көмектесетін білім жиынтығын қаржылық сауаттылық деп атайды. Егер жай сөзбен айтсақ, қаржылық сауаттылық адамға қолайлы өмір сүруге және жалақысы аз болса да, қажетті нәрсенің бәрін сатып ала алатындай ақшасын дұрыс басқаруға мүмкіндік береді.
17.04.2025 күні 8-11 сынып оқушыларымен қаржылық сауаттылық бойынша «Қаржы әлемі» тақырыбында сынып сағаттары өтті.


17.04.2025ж күні 8 А және 8 Ә сыныптар арасында экологиялық сауаттылық апталығы аясында Талдыбаева Ү.Т. мен Амирова Л.К. ұйымдастыруымен “Жүз бір жұмбақ ” сайысы өткізілді.Мақсаты: оқушыларды жұмбақтар айту арқылы қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту, оқуға деген құлшыныстарын арттыру.
Балалар топпен жұмыс жасап әрі білімдерін шыңдады. Жұмбақтардың құндылықтарын түсініп, ата-бабамыздан келе жатқан қазақтың өшпес мұрасын жаңғыртып, мағынасын тереңдете түсті.Сайысымыз жоғары деңгейде өтті. Сайысты қорытындылап, балаларға марапаттау қағаздары табысталады. Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаздар анықталды.

17.04.2025 күні экологиялық сауаттылық апталығының «Шығармашылық жәрмеңкелер» айдары аясында 9-10 сынып оқушылары «Қоршаған ортаны қорғау:бастамалар мен іс-әрекеттер»,«Жердің болашағы:адамзаттың рөлі», «Табиғатты қорғау-әр адамның міндеті» тақырыптарында эссе жазды.
Мақсаты: Қазақстандағы экологиядық мәселелер және оны шешу жолдарын ұсыну жөнінде өздерінің ой –пікірлерін ашық білдіру,табиғатты қорғауға,отаншылдық қасиеттерге баулу.

16.04.25 күні «Жасыл жобалар: қалдықтардан қайта өңделген қалдықтармен қоғамды жақсарту» тақырыбында жобалар байқауы өтті. Мақсаты: қоршаған ортаның маңыздылығын түсініп, қалдықтарды қайта өңдеудің пайдасын біледі. Жоба аясында оқушылар «Жасыл планета: энергияны үнемдеу және қалдықтарды өңдеу» макетін жасап, қорғап шықты. Оқушылар қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды үнемдей отырып, қоғамды жақсарту бойынша өз жобаларын ұсынды. Жобаның нәтижесінде оқушылар өздерінің экологиялық мәдениетін арттырып, жауапкершілік сезімін дамытып, шығармашылық және зерттеу қабілеттерін шыңдайды.

15.04.25 күні мектебімізде “Қоршаған орта мен адамның
арасындағы байланысы: Экологтардың көзқарасы” атты викториналық сайыс өтті.
Қоршаған орта мен адам өмірі арасындағы байланыс өте тығыз және маңызды. Қоршаған орта — адамның өмір сүруіне қажетті барлық табиғи жағдайлар мен ресурстардың жиынтығы. Адамның денсаулығы, өмір сүру сапасы және жалпы тіршілігі қоршаған ортаның жағдайына тікелей байланысты.
Оқушылар викториналық сұрақтартарға жауап берді. Қоршаған орта мен адамның арасындағы байланысты анықтап, топтар арасында өзара пікірталас болды.


Ғарышкерлер күніне арналған іс-шаралар жоспары аясында 1-5 сыныптар арасында «Таңғажайып ғарыш әлемі» тақырыбында макеттер көрмесі өткізілді.
🚀Мақсаты: балалардың рухани-адамгершілік әлеміне, адам және ғарыш туралы идеяларына назар аудару, көркем шығармашылықтарын дамытуға ынталандыру.

Сәуір айының жоспарына сәйкес мектебіміздің 9 сынып оқушылары “Балдәурен” балабақшасына кәсіби сынамаға барды.
⏹️Балабақшадағы тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік, физикалық және ақыл-ойының дамуын қамтамасыз ету мақсатында білім беру және ойын қызметін ұйымдастырады.
Бұл мамандық әрқашан белсенді болуға, тәрбиешінің әрдайым оқып-үйренуіне және алға ұмтылуына мүмкіндік береді. Бұл маңызды, жауапты мамандық болғанмен, сауатты жұмысты ұйымдастыру арқылы қол жеткізілген нәтиже әрқашан қуантады — бұл тәрбиеші үшін де бүкіл қоғам үшін де жас ұрпақтың үйлесімді дамуын көру үлкен құндылық екенінің дәлелі.
⏹️Кәсіби бағдар беруші: Бухат Н, Сандыбаева Д.Ж

«Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығының жоспары бойынша 15 сәуір күнінің «Эко-білім күні» тақырыбы аясында мектебіміздің 1-4 сынып оқушылары арасында «Табиғат әлемі балалар көзімен» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.
Табиғат баланың жан дүниесінде терең із қалдырады, оның сезіміне өзінің жарықтығымен, алуан түрлілігімен, динамизмімен әсер етеді. Балалар табиғатпен үнемі қандай да бір түрде байланыста болады. Оларды жасыл шалғындар мен ормандар, ашық гүлдер, көбелектер, қоңыздар, құстар, аңдар, бұлақтар мен шалшықтар қызықтырады. Қоршаған әлемнің сұлулығы мен ұлылығын көру және түсіну адамның тұлға ретінде дамуы үшін өте қажет. Осыны түсінген кезде туған өлкенің сұлулығын әлі күнге дейін қорғап, қорғау керек екені бірден белгілі болады. Табиғаттың шексіз, алуан әлемі балалардың қызығушылығын, қызығушылығын оятады. Мұның бәрі біздің балалардың сурет көрмесінде көрініс тапты.

“Отбасындағы қарым-қатынас. Ол қандай болу керек?” тақырыбында 5А және 5Ә сыныптарына 28.04.күні Жаһандық құзыреттілік пәні бойынша сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға отбасы ішіндегі дұрыс қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық, қамқорлық пен қолдаудың мәнін ұғындыру. Әр оқушының өз отбасындағы қарым-қатынасқа жауапкершілікпен қарауын дамыту.
Сабақтың барысы:
— Сабақ басында оқушылар «Отбасы дегеніміз не?» деген сұраққа өз ойларын айтты.
— «Отбасы – менің қамалым» тақырыбында шағын пікірталас ұйымдастырылды.
— Оқушылар отбасындағы жақсы қарым-қатынасқа қажетті қасиеттерді (сыйластық, шыдамдылық, мейірімділік, бір-біріне көмектесу) топтастырып, постер жасап қорғады.
— Тапсырмалар арқылы әр бала отбасындағы қарым-қатынастың қандай болу керектігін мысалдар арқылы түсіндірді.
— «Жақсы қарым-қатынас ережелері» атты топтық ереже құрастырылды.
Қорытынды:
Оқушылар отбасы мүшелері арасындағы жылы сөздер мен қолдаудың маңызын түсінді. Сабақ барысында өз ойларын еркін жеткізе білді, бір-бірін тыңдап, пікір алмасу мәдениетін көрсетті.

С целью представления о том,какую роль семья играет в жизни каждого человека,чтобы объяснить, зачем люди создают семью, раскрыть значение понятий семья, счастливые ценности, в 8″Б»классе по глобальной компетенции проведен урок на тему»Семья и семейные отношения.»

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай мектеп кітапханасында «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран» атты танымдық сабақ өтті. Мақсаты: оқушыларға Отан үшін от кешкен боздақтарды еске алып, таныстыру. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, батыр атағын алған Исатай Сүйеубаев және Дадаш Бабажановтың өмірбаянымен, сұрапыл соғыс кезіндегі ерліктермен таныстыру. Батырлар туралы видеороликтер көрсетіліп, өз есімдерін ел тарихында алтын әріппен жазылған батырлардың орны ерекше екендігін түсіндіру

