7 Мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай «Жас сарбаз» әскери-спорттық сайысы өткізілді. Сайысқа 8-9 сыныптардан 5 қоманда қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік қасиеттерді, азаматтық белсенділікті арттырып, Отан алдындағы борышқа жауапкершілікпен қарауға бағытталды.
Сайысқа қатысушылар сапта жүру, арқан тарту, АК-74 автоматын бөлшектеп, жинау, кермеге тартылу секілді әскери бағыттағы басқа да спорт түрлерінен жарысты.
Нәтижесінде І орынды 8а сынып,ІІ орынды 9Ә сынып,ІІІ орынды 9б сынып командалары иеленді.
8ә және 9а сынып командалары алғыс хат, «Үздік жас сарбаз» номинациясымен Самат Самғат марапатталды.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#отанқорғаушыларкүні










