7-мамыр Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай мектеп оқушылары мен ауыл жастарының арасында футбол ойыны ұйымдастырылды. Тартысты өткен ойын нәтижесінде мектебіміздің оқушылар командасы жүлделі I орынды жеңіп алды.
Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні құтты болсын!
Осындай ерекше күні сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілейміз.
#ҚОББтәрбие
#balqash_bilim_bolimi



