7 күн «Білімділер» .
Балаларды қарсы алу, таңғы жаттығулар.
«Зияткерлік ойындар» ребус, сөзжұмбақтар шешу. «Адасқан әріптер» ойынын ойнау. «Отан, Туған жер» туралы сөзжұмбақты шешуде оқушылар өте қызығушылықпен қатысты. Балалаларға мектеп кітапханасына саяхат жүргізілді. Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы- кітап деп бекер айтпаған.Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу,білім алу мүмкін емес шығар.Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, жасөспірімдерге кітап оқуға толық мүмкіншілігі бар. Сонымен қатар оқушылар ашық аспан астында өздеріне ұнаған кітаптарын оқып, өздерінің оқығандарымен бөлісті.
Мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау. Өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу . Кітап- сарқылмас қазына екенін балаларға жеткізу.
@balqash_qbb
#қоббтәрбие
#жазғыдемалыс
#қауіпсізжаз
#жазғысауықтырулагері
#біртұтас_тәрбие #uo_krg



