5.09.2025ж. күні “Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі” КММ “Тілі бірдің-туы бір!” атты тілдер мерекесіне арналған “Тіл тағдыры – ел тағдыры” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Амирова Л.К, Жумашева 10-11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізді. Іс шараның мақсаты: жастардың бойында ана тіліне деген сүйіспеншілікке, отансүйгіштікке, тілдерді құрметтеуге, мемлекеттік тілді меңгеруге, өзге халықтардың тілдерін меңгеруге тәрбиелеу. Оқушылар өз пікірлерін білдіріп, дөңгелек үстелдің өзекті мәселелерін талқылап, мемлекеттік тілдің жай-күйі мен мәселелерін айтты. Таланттары мен шығармашылықтарын ортаға салды. Қазақ халқының асыл да дана перзенті, ана тіліміздің жанашыры Ахмет Байтұрсынов айтқанындай, туған тіліміз – тұғырымыз, екенін әсте ұмытпайық! Мемлекеттік тіліміздің мәртебесі үстем болып, ол мемлекетіміздің ең маңызды тірегіне айнала берсін.
#Адал_азамат #балқашқаласыбілімбөлімі