🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, рәміздердің тарихы мен маңызы туралы мәліметтермен танысты. Балалар патриоттық әндер айтып, мерекелік көңіл күй сыйлады.#рәміздеркүні #біртұтас_тәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #4 маусым#umckrg
KZ

