Skip to content

29 сәуір 2026 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары ШЖҚ «Балқаш қаласының…

29 сәуір 2026 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары ШЖҚ «Балқаш қаласының жоғарғы медициналық колледжі» КМК-не кәсіби бағдар беру мақсатында экскурсияға барып қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен, заманауи оқу кабинеттерімен және зертханаларымен танысты. Колледж оқытушылары медициналық мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісі және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Сонымен қатар, оқушылар кәсіби сынамаға қатысып, алғашқы медициналық көмек көрсету, манекендер арқылы тәжірибелік дағдыларды орындау сияқты жұмыстарды байқап көрді. Бұл шара оқушылардың медицина саласына деген қызығушылығын арттырып, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар алуына ықпал етті.