Skip to content

29 сәуір 2026 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық…

29 сәуір 2026 жылы мектебіміздің 9-сынып оқушылары «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжіне кәсіби бағдар беру мақсатында экскурсияға барды.
Экскурсия барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттерімен, өндірістік шеберханаларымен және заманауи құрал-жабдықтарымен танысты. Оқу орнының мамандары техникалық және жұмысшы мамандықтардың ерекшеліктері, оқу үдерісі және өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар таныстырылып, болашақта «Қазақмыс» корпорациясында жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді. Кәсіби сынама элементтері көрсетіліп, оқушылар өндірістік ортаға жақын жағдайды сезініп көрді.
Бұл экскурсия оқушылардың техникалық мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар берді.