Skip to content

🎭 29.01.2026ж. күні өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы барысында «Отбасындағы эмоционалды…

🎭 29.01.2026ж. күні өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы барысында «Отбасындағы эмоционалды қолдау – баланың дамуына негіз» тақырыбында тәрбиелік мәні зор пантомималық қойылым көрсетілді. Қойылымда сөз қолданылмай, қимыл-қозғалыс пен бет-әлпет арқылы баланың ішкі жан дүниесі, оның ата-ана тарапынан сезінетін қолдауы мен түсінігі бейнеленді.
🎭Сахналық көріністе баланың қуанышы мен мұңы, сенім мен сенімсіздік сезімдері, сондай-ақ ата-ананың жылы сөзі, мейірімі мен қолдауы баланың тұлғалық қалыптасуына қалай әсер ететіні көркем түрде жеткізілді. Қойылым ата-аналарды баланың эмоциялық жағдайына бейжай қарамауға, оның әрбір сезімін түсініп, қолдау көрсетудің маңызын терең сезінуге жетеледі.
🎭Пантомималық қойылым жиналысқа қатысқан ата-аналарға ой салып, отбасындағы эмоционалды қолдаудың бала дамуының берік іргетасы екендігін айқын көрсетті.
#адалазамат #балқашқаласыбілімбөлімі #қообтәрбие #біртұтастәрбие