Skip to content

29.01.2026ж. күні өткізілген “Бала үшін бірігейік, бірге тәрбиелейік” атты жалпы…

29.01.2026ж. күні өткізілген “Бала үшін бірігейік, бірге тәрбиелейік” атты жалпы ата-аналар жиналысының күн тәртібіндегі 3-мәселесі «Ата-ана белсенділігі – бала табысының кепілі» тақырыбы болды.
Жиналыс барысында оқу, спорт, өнер және қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен оқушылардың ата-аналары балаларының марапаттары арқылы ортаға шақырылып, құрмет көрсетілді.
Әр марапат баланың ғана емес, оны қолдап, бағыт-бағдар берген ата-ананың да ортақ жетістігі екені ерекше атап өтілді.
Ата-аналарға алғыс сөздер айтылып, белсенділік танытып, баласының дамуына үнемі қолдау көрсетіп жүрген ата-аналар үлгі ретінде көпшілікке ұсынылды. Бұл сәт жиналысқа қатысушыларға үлкен мотивация беріп, ата-ананың қамқорлығы мен жауапкершілігі баланың табысты болашағының кепілі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #balqash_qalasy_bilim_bolimi #адал_азамат