Skip to content

27- қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай *«Туған жерге саяхат»* атты…

27- қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай *«Туған жерге саяхат»* атты 5-7 сыныптар арасында сурет байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты — оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған табиғаттың сұлулығын бағалауға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар туған ауылдың көркем табиғатын, өзен-көлдерді, таулар мен сәулетті ғимараттарды бейнелеп, түрлі техникалармен жұмыс жасады (гуашь, акварель, қарындаш, аппликация т.б.).
Байқауға қатысқан оқушылар марапатталды.
Бұл байқау оқушылардың патриоттық сезімін оятып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра түсті.
#дүниежүзіліктуризмкүні #Адал_азамат #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *