Skip to content

27.09.2024 күні мектебімізде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы бойынша 5…

27.09.2024 күні мектебімізде ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету бағдарламасы бойынша 5 «А» және 5 «Ә» сыныптарынының жиналысы өткізілді.
Жиналыста мына мәселелер қарастырылды:
1. Жасөспірімдердегі ұйқы физиологиясы.
2. Ұйқының бұзылуы: дәрігерге кеңес беру үшін негіз.
3. Ұйқының бұзылуының жасөспірімдердің көңіл-күйіне, мінез-құлқына, оқу қабілетіне әсері.
4. Дұрыс ұйқы: ұйымдастыру әдістері, жағымды әдістерді дамыту.
Ұйқы – мидың ерекше қызметінен, сондай-ак ағзаның қоршаған ортаға әсерінің төмендеуінен тұратын физиологиялық процесс. Баланың жақсы дамуының кепілі – толыққанды ұйқы. Ол – ағзаның ауамен, тамақтанумен және сумен қанығуымен қатар, денсаулықтың ажырамас бөлігі.
Жиналыста ұйқының бұзылу себептері мен салдары талқыланды. Ата-аналарға ұйқы гигиенасы туралы тапсырма берілді. Ата-аналар өз балаларының ұйқыға қалай дайындалатынын және бөлмені қалай дайындайтынын айтып берді.
Жиналыс соңында «Бала қауіпсіздігі – қоғам келешегі» тақырыбы қозғалды. Қазіргі таңдағы интернет желісіндегі тарап кеткен ойындар жайлы ата-аналарға нұсқаулық көрсетілді.
#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #атааналардыпедагогикалыққолдауорталығы #балаларқауіпсіздігі #балқашқаласыбілімбөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *