26 қараша мектебімізде «Мамандықтар әлемі» тақырыбында 5–11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы жан-жақты ақпарат беру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт-бағдар көрсету.
Түсіндіру жұмыстары барысында қазіргі заман сұранысына ие мамандықтар, жұмыс нарығындағы өзгерістер, болашақ мамандықтарды таңдауда ескерілетін маңызды факторлар, сондай-ақ колледж және жоғары оқу орындарына құжат тапсыру ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен бірге оқушылардың өз мамандығын саналы таңдауы үшін кәсіби бағыт-бағдар беру тесттері мен сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға 5–11 сыныптар толық қамтылып, оқушылар белсенділік танытты. Тақырып бойынша қосымша ақпарат алу және жеке кеңес алу мүмкіндіктері ұсынылды.
Жауапты мұғалімдер: Сандыбаева Д.Ж
Бухат Н
#біртұтас_тәрбіе
#балқашқаласыбілімбөлімі







