📕23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай 3 «А» сынып оқушылары арасында танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараның мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітапты қадірлеуге баулу болды.
📕Іс-шара барысында оқушылар өз қолдарымен түрлі түсті қағаздардан, сәндік материалдардан ерекше кітап бетбелгілерін жасап шығарды. Әрбір бетбелгі оқушылардың қиялы мен талғамын көрсететін әсем туындыға айналды. Балалар бетбелгілеріне жылы тілектер жазып, оны сыныптастарына сыйға тартты.
📕Мұндай сыйлық алмасу оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайтып, бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықты арттырды. Сонымен қатар, оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, өздерінің сүйікті шығармалары жайында әңгімелесті.
📕Шара соңында оқушылар кітапты күтіп ұстау, оны таза сақтау және үнемі оқып отыру қажеттігі туралы қорытынды жасады. Бұл іс-шара балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани дамуына оң әсерін тигізді.
#ұлттықкітапкүні #адалазаматбіртұтастәрбие #қоббтәрбие
KZ









