Skip to content

2026 жылдың 5 наурыз күні 1 «А» сынып оқушыларының қатысуымен…

2026 жылдың 5 наурыз күні 1 «А» сынып оқушыларының қатысуымен ата-аналарға арналған «Ана – өмір шуағы» атты сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, аналардың еңбегін бағалауға тәрбиелеу және отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар ән айтып, өлең оқып, түрлі көріністер көрсетіп, өз өнерлерін жоғары деңгейде танытты. Кеш өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Оқушылардың жүректен шыққан өнері ата-аналардың көңілін толқытып, бір сәтте күлдіріп, бір сәтте көздеріне жас алдырды.#қоббтәрбие #біртұтас_тәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #balqash_qalasy_bilim_bolimi #адал_азамат

Бұл мерекелік кеш ата-аналар мен балаларға ерекше әсер сыйлап, жылы естелік болып қалды.