Skip to content

2026 жылдың 30 қазанында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қалалық үшінші…

2026 жылдың 30 қазанында «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының қалалық үшінші кезеңі өтті.
Аталған байқаудың ақтық кезеңінде мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Игембаева Гүлшат Элекеновна өзінің жоғары кәсіби біліктілігімен, шығармашылығы мен шеберлігін танытып, «Көрермен көзайымы» номинациясын жеңіп алды. Бұл – оның ұзақ жылдар бойы үздіксіз еңбек етіп, балаларға білім мен тәрбие берудегі ерекше талантының жемісі.
Гүлшат Элекеновнаның бұл жетістігі – тек оның ғана емес, барша ұстаздар қауымының, мектеп ұжымының ортақ қуанышы. Оның шығармашылық жұмысы мен педагогикалық шеберлігі біздің мектебіміздің мәртебесін одан әрі арттырды.
Қымбатты Гүлшат Элекеновна, біз сізді шын жүректен құттықтаймыз! Сізге шығармашылық табыс, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілейміз. Әрдайым білім мен тәрбие жолында жаңашылдықты енгізіп, оқушыларға зор үлгі бола беріңіз! @balqash_qbb @umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *