Skip to content

2026 жылдың 24 ақпан күні мектебімізде тарих пәні мұғалімі Қожахметов…

2026 жылдың 24 ақпан күні мектебімізде тарих пәні мұғалімі Қожахметов Аділет 9–11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында оқушыларға “Ақсауыт” Шоқан Уалиханов атындағы әскери колледжі туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мұғалім оқу орнының негізгі мақсаты – жасөспірімдерді әскери қызметке дайындау, отансүйгіштікке тәрбиелеу және тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру екенін атап өтті. Колледжде білім алушылар жалпы орта біліммен қатар, алғашқы әскери дайындық, саптық даярлық, дене шынықтыру және әскери-тактикалық сабақтар өтетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, аталған оқу орнына қабылдау талаптары, құжат тапсыру тәртібі және болашақта әскери жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандық таңдауда маңызды мәліметтер алды.
Кездесу оқушылардың әскери мамандықтарға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берді.