Skip to content

2025 жылдың 8 қыркүйегінде мектебімізде “Бақытты отбасы – бақытты ел”…

2025 жылдың 8 қыркүйегінде мектебімізде “Бақытты отбасы – бақытты ел” атты тәрбие бағытындағы іс-шара өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру болды.

Іс-шара барысында мектептің Өзін-өзі басқару ұйымы белсенділік танытып, флешмоб ұйымдастырды. Флешмоб арқылы оқушылар отбасы тыныштығы мен сүйіспеншіліктің маңыздылығын насихаттады.

Сондай-ақ, кентіміздің инспекторы Нұрсеитов Алишермен (участковыймен) бірлесе отырып, “Отбасылық зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” тақырыбында жадынама парақшалары таратылып, құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
#қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *