2025 жылдың 29 қыркүйегінде Дүниежүзілік туризм күніне орай мектепте «Саяхатшылардың бағыттары бойынша» атты квест ойыны өткізілді. Іс-шараға 8-сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен ізденіс қабілеттерін көрсетті.
Квест барысында оқушылар картамен және глобуспен жұмыс жасап, әртүрлі елдер мен қалалардың орналасуын анықтап, бағыттарды табу бойынша тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, географиялық білімдерін шыңдап, топтық жұмыс пен жылдамдыққа негізделген қызықты сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, география пәніне қызығушылығын арттыру, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болды.
#Адал_азамат #дүниежүзіліктуризмкүні
Жауаптылар:
• Сандыбаева Д. Ж.
• Кожахметов А. Б.
• Уатхан А. Б.




