Skip to content

❤️2025 жылдың 28 қараша күні 6”А” сынып оқушыларына “АДАЛ АЗАМАТ”…

❤️2025 жылдың 28 қараша күні 6”А” сынып оқушыларына “АДАЛ АЗАМАТ” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “ДосбоLike” жобасы бойынша танымдық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға достық ұғымының маңызын түсіндіру, бір-біріне қолдау көрсету, сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.

🫶🏼Шара барысында оқушылар «Нағыз дос қандай болу керек?», «Достықтың құндылығы» тақырыптарында пікірталас жүргізіп, түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындады. Сонымен қатар, топтық жұмыстар арқылы өзара ынтымақтастықты нығайтып, достыққа қатысты шығармашылық постерлер әзірледі.
🤝Іс-шара соңында оқушылар “ДосбоLike” жобасы бойынша өз сыныптарындағы жақсы қасиеттерді атап, бір-біріне жылы лебіз жолдап, достықты бағалау қажеттілігі туралы қорытынды жасады.
#адал_азамат #біртұтастәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #досболайықакциясы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *