📘2025 жылдың 22.12. күні мектебіміздің 1-сынып оқушыларының қатысуымен “Қош бол, құтты Әліппем!” атты ертеңгілік өткізілді.
Мақсаты – оқушылардың алғашқы оқу кітабы Әліппемен қоштасуын атап өту, олардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Ертеңгілік барысында оқушылар ән айтып, тақпақтар оқып, көріністер көрсетті. Балалар әріптер әлеміне жасаған саяхаттарын әсерлі жеткізіп, өздерінің оқу барысында меңгерген білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар ата-аналар мен ұстаздарға арналған жылы лебіздер айтылды.
Шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар табысталып, ата-аналар мен ұстаздар тарапынан жылы тілектер білдірілді. «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі оқушылардың есінде қаларлықтай әсерлі әрі мазмұнды өтті.
#адал_азамат #біртұтастәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілім_бөлімі