🔰2025 жылдың 18 тамыз күні Балқаш қаласында “Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман” тақырыбында педагогтардың тамыз кеңесі өтті. Тамыз конференциясын Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының басшысы Б. Х. Абдикерова және осы орталықтың бас әдіскерлері жүргізді.
🔰 Конференция барысында 2025-2026 оқу жылының ерекшеліктері , “Адал азамат-ұлттық құндылық” бағдарламасы, педагогтардың үздіксіз дамуы, кәсіби бағдар беру сынды өзекті мәселелер қозғалды.
🔰Әр бағыт бойынша ”Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебі” КММ педагогтары секциялық отырысқа қатысты.
#тамызконференциясы2025 #білімкелешегі #адалазамат








