🌺2025 жылдың 12 қыркүйегінде Саяқ кентінің №6 мектебінде Еңбек күні қарсаңында “Еңбек жолы – болашаққа бағдар” атты кездесу өтті. Шараға арнайы шақырылған “Әжелер” ансамблі оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, өз өнерлерін паш етті.
🌺Оқушылар ән мен биден шашу шашып, мерекенің сәнін келтірді. Әжелер ансамблі өздерінің шығармашылық тарихынан сыр шертіп, бастан өткерген қиындықтары мен қызықты сәттері жайында әңгімеледі.
Шараның соңында ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етіліп, ансамбльдің орындауында “Көзімнің қарасы” әні шырқалды.
Бұл кездесу оқушыларға еңбекке, өнерге деген құрметті арттырып, үлкен буын мен жас ұрпақтың арасындағы байланысын нығайтты.
#Адал_азамат ##Абай180 balqash_qalasy_bilim_bolimi #қоббтәрбие #umckrg