Skip to content

2024-2025 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап мектеп асханасындағы тамақтандыруды ұйымдастыру…

2024-2025 оқу жылының 1 қыркүйегінен бастап мектеп асханасындағы тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысын бақылау мақсатында арнайы комиссия құрылды.Бұл комиссия құрамына мектеп әкімшілігі, медбике, мектеп парламенті және ата аналар комитетінің мүшелері кіреді. Бракераждық комиссия кестеге сәйкес және кезектен тыс мектеп асханасын тексеріп дайын тағамның сапасына бағалау жүргізеді. Күнделікті ас дайындайтын бөлменің, залдың санитарлық жағдайы, тағам дайындау технологиясының сақталу, тағамды қазанға салу сәті, тағамдардың әр түрлілігі, тоңазытқыш-технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп, тиісті акт толтырылады.Мектеп асханасында оқушылардың тамақтануы, денсаулықтарының қауіпсіздігі үнемі бақылауда.
#балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие #біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *