Skip to content

🎓2023 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды облысы Балқаш қаласының Оқушылар сарайында…

🎓2023 жылдың 27 қаңтарында Қарағанды облысы Балқаш қаласының Оқушылар сарайында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен “Мамандықтар жәрмеңкесі – 2023” кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Мақсаты: оқушыларға олардың болашақ кәсіптік қызметін таңдауда, кәсіптік бейімделу бойынша қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеге түрлі мамандық өкілдері қатысты. Олардың ішінде, А.Сағынов атындағы ҚарТУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ, Орталық Қазақстан академиясы, Қазтұтынуодағы ҚарУ және Қазаэронавигациясы. Келген мамандар таңдау пәндері, ҰБТ, жатахана, білім беру бағдарламалары жайлы мәлімет берді.
Сонымен қатар, оқушылар өздері қызықтырған мамандықтар туралы сұрақтар қойып, өздері толғандырған мәселелерге тұшымды жауаптар алды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *