Skip to content

2022-2023 оқу жылында №6 жалпы білім беретін мектебіндегі “Мектепке жол”…

2022-2023 оқу жылында №6 жалпы білім беретін мектебіндегі "Мектепке жол" республикалық қайырымдылық акциясы.

✅2022 жылдың 1 тамызында Қазақстанда "Мектепке жол" Республикалық акциясы басталады. Биылғы жылы акция Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі. Жалпыреспубликалық акция 2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында "Мектепте жол – шекарасыз жақсылық" ұранымен өтеді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардын шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу. Осы шараны жүзеге асыру үшін Оқу-ағарту министрлігі "Мектепке жол" республикалық акциясын өткізудің Тұжырымдамасын әзірледі. Акция мақсаты: аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық уақытында материалдық көмек көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын-алу болып табылады.
"Мектепке жол" акциясы балаларға білім алу кезінде қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсете алады, оның мектепке барар жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға көңіл бөлуде және шынайы қамқорлық көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады. Баршаңызды акцияның белсенді қатысушысы болуға шақырамыз!

#umckrg
#balgash_galasy_bilim_bolimi
#мектепкежол2022
#дороговшколу2022
#балаларжылы09
#годдетей09

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *