Skip to content

1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда “Тілдер туралы” заң қабылданған. 1998…

1989 жылы 22 қыркүйекте Қазақстанда "Тілдер туралы" заң қабылданған. 1998 жылдың 20 қаңтарында ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні болып жарияланды. 2017 жылы мереке күні өзгертілді. Содан бері 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні. Атаулы күннің өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.

Осы орайда мектебімізде 2022 жылдың 5-16 қыркүйек аралығында Қазақстан халқы тілдері күніне және А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Тіл-кемел болашақ тұғыры» атты онкүндігі басталды. Алғашқы күн саптық жиынмен басталып, баяндама оқылып, онкүндік жоспармен таныстырылды. 📢Мектепішілік іс-шараларға белсене қатысуға шақырамыз.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@g.kozhakhmetoova #қоббтәрбие
#ахметбайтұрсынұлы150
#балаларжылы09

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *