18-қазан – ұлты мен діни сенімге қарамастан барлығымызды біріктіретін қоғамдағы тұрақтылық пен келісім күні. Сондықтан да бүгінгі мереке бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен гүлдену мерекесі болып табылады. Бұл мерекенің арнайы аталып өтуі елімізде бірлік пен қайырымдылық, жақсылық пен сенімділік, ауызбіршілік пен сыйластық орнату.
Осы 18- қазан – Рухани келісім күніне орай мектебіміздің 8-сыныптарында "Имандылық жарасады ұл-қызға" және "Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі" тақырыптарында тәрбие сағаттары өтілді. Тәрбие сағатында рухани келісім – біздің ұлттымызға тән  үлкенді сыйлау, отбасына құрмет, балаларға  қамқорлық, қонақжайлылық, татулық, достық, ауызбіршілік тәрізді ізгі ортақ құндылықтар берік орнықты екендігі айтылды. Халқымыздың татулығы мен бірлігі – еліміздің өркендеп, алға басуына себеп болатындығы түсіндірілді.  Осы байлығымызды қадірлей білу, оны жас ұрпақтың жүрегіне ұялату мақсатында өткізілген тәрбие сағатында топтық жұмыстар ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор бейнероликтер аясында қызу талқылаулар жүргізіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
#балаларжылы09
#руханикелісімкүнітұрақтылықтыңіргетасы
#ҚОББтәрбие
#balqash_bilim_bolimi








