18 – қазан Рухани келісім күніне орай мектеп кітапханасында 11.10.2022 ж. күні «Мұсылмандық қағидалар» тақырыбында бұрыш ұйымдастырылып, 8 сынып оқушыларымен әңгіме сабақ өткізілді.
 Мақсаты:  Оқушыларға ауызбіршілік, ынтымақтастық пен рухани сыйластықты сақтаудың маңыздылығын, Тәуелсіз еліміздің қамын ойлайтын ұлтжанды азаматтардың басты  мақсаты- бірлік, ынтымақ, өзара татулық орнату екендігін түсіндіру. Іріткі әрекеттерді жасамау, бұзақылыққа, бүлікке, ел тыныштығын бұзатын іс-әрекетке жол бермеуге, бір елде тұрып жатқан халықпен жақсы қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу. Қазақ халқының бірлігі-еліміздің баға жетпес байлығы екенін естен шығармау.
 Оқушылармен «Иман» журналынан мұсылмандық қағидалар туралы әртүрлі баяндамалар тыңдалып, С.Торайғыровтың «Ислам деп қазағымның айтсам дінін» өлеңі оқылды.
#ҚОББтәрбие
#балаларжылы09
#balqash_bilim_bolimi

