18-қазан – Рухани келісім күніне орай мектебімізде 11-14 қазан күндері аралығында 5-6 сыныптар арасында діни сауаттылықтарын арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында "Біз терроризмді айыптаймыз!" тақырыбында суреттер байқауы ұйымдастырылды. Байқауға 32 оқушылары қатысты. Оқушыларға терроризм жайлы мағұлматтар берілді және салған суреттер бойынша оқушылар өз ойларын айтты. Байқау нәтижесінде  I орын – Аспаева Айым, II орын – Алтаева Айғаным, Аспаева Іңкәр, III орын – Токенов Алдияр, Омарова Аружан, Серикбеков Адал арнайы марапатқа ие болды. Байқау соңында қазіргі таңда орын алып отырған өзекті мәселені қозғап, жас өрендерді өнерлі, жан-жақты етіп тәрбиелеудегі шараның маңыздылығы аталып өтілді.
#балаларжылы09
#balqash_bilim_bolimi
#ҚОББтәрбие





![]()

