18.04. күні мектебіміздің 1-11 сыныптарында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында сынып сағаттары өтті.Оқушыларға су – тіршілік көзі, сусыз өмір сүру мүмкін емес. Өкінішке орай, әлемде судың қоры шектеулі. Сол себепті әрқайсымыз оны үнемдеп, тиімді пайдалануға өз үлесімізді қоса аламыз. Біз табиғи ресурстарға бай, әдемі мемлекетте тұрамыз. Бірақ сусыз біздің еліміздің де, жалпы адамзат баласының дамуы мүмкін еместігі түсіндірілді.
Ертең қандай жағдай болатыны сіз бен бізге байланысты.Әрқайсыларыңызды бүгіннен бастап үйде, мектепте, далада суды қалай үнемдеуге болатындығы туралы ойлануға және бүгінгі алған білімдеріңізбен бөлісуге шақырамыз.
Суды үнемдеп – болашақты сақтаңыз!
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#судыүнемдеу








