Skip to content

18.04.25 күні мектебімізге ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш…

18.04.25 күні мектебімізге ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжінің өкілі Байгутанова Айнур Маратқызы келіп, оқушыларға мамандықтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
⏹️ Колледж  Балқаш мыс  зауыты  базасында 1940 жылы құрылды.  Колледж  осы уақытқа дейін  20 мыңнан астам  жұмысшы мамандарды дайындап шығарды.    Оқу орнында  жоғарғы білікті, тұрақты оқытушылар ұжымы жұмыс істейді.  Бірінші және жоғарғы санатты оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері 40 % құрайды. Колледж қала орталығында орналасқан және  оқу орнында 25 оқу кабинеті, кітапхана, спортзал бар. Сонымен қатар келесі шеберханалар бар: дәнекерлеу, слесарлық,  столярлық, электриктер, станокшылар, көпір краны машинисті, құрылыс шебері. 
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *