17.04.2025ж күні 8 А және 8 Ә сыныптар арасында экологиялық сауаттылық апталығы аясында Талдыбаева Ү.Т. мен Амирова Л.К. ұйымдастыруымен “Жүз бір жұмбақ ” сайысы өткізілді.Мақсаты: оқушыларды жұмбақтар айту арқылы қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту, оқуға деген құлшыныстарын арттыру.
Балалар топпен жұмыс жасап әрі білімдерін шыңдады. Жұмбақтардың құндылықтарын түсініп, ата-бабамыздан келе жатқан қазақтың өшпес мұрасын жаңғыртып, мағынасын тереңдете түсті.Сайысымыз жоғары деңгейде өтті. Сайысты қорытындылап, балаларға марапаттау қағаздары табысталады. Жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаздар анықталды.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#экологиялықсауаттылықапталығы






