Skip to content

15 ақпанда «Саяқ кентінің №6 ЖББМ»КММ-де Кеңес әскерінің Ауған жерінен…

15 ақпанда «Саяқ кентінің №6 ЖББМ»КММ-де Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылуына 34 жыл толуына орай 8-10 сыныптар арасында әскери патриоттық- спорттық жарысы өтті.
Жарыс мақсаты:
Оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, әскери- патриоттық тәрбие беру. Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жарыс 7 сайыс түрінен өткізілді:
1. Сап түзеу және ән байқауы.
2.АК-74 автоматын бөлшектеу және жинау.
3.Кір тасын көтеру.
4.Қол күресі.
5.Санитарлар сайысы.
6.Картоп аршып,түйме қадау.
7.Нысанаға ату.

Жарысқа Ауған соғысының ардагері Тойчибеков Т.С. , әкелер кеңесінің
мүшесі Толеубаев Р.С. және «Өнер» бірлестігінің жетекшісі Бухат Н. қазылық етті.
Жоғарыда көрсетілген сайыстың түрлері бойынша, жүлделі орындарды жеңіп алған топтар:
1-орын – «Болашақ» тобы
2-орын – «Жалын» тобы
3-орын – «Айбын» тобы
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#ҚОББтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *