Skip to content

15 ақпан күні – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34…

15 ақпан күні – Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толды. Он жылға ұласқан соғыс өртінің шарпуы оттай лаулап, Ауған жерінің тау – тасы мен құмы талай сардарлар мен жас сарбаздардың бетін мәңгілікке жасырып, тарих бетіне ХХ ғасырдың ең ұзақ қантөгісі ретінде енді.
Бұл соғыс біздің ел үшін ғана емес, әлемді жайлаған қақтығысқа толы қырғынға ұласты. Бұл қанды қырғын 1979 жылы басталап, он жылға созылған соғыста қайтпас қайсарлық, беріспес батылдықтың ерен үлгісін көрсеткен жауынгерлеріміз, мұздай қаруланған лаңкестермен кескілескен соғыс жүргізді. Талай сарбаз ерлік жолында мерт болды. Иә, бұл соғыс біреудің өмірін жалмаса, енді бірінің жалғызын алды. Аузынан ана сүті кетпеген боздақтардың көбі дерлік сол қырғыннан отанымызға мүгедек болып оралды. Әскери борышын өтеуге аттанған жүздеген бозбала туған жеріне оралмады. Осындай орны толмас қасіреттерге толы күндер ел есінен мәңгі ұмытылмайды.
Осы күнге орай 14 ақпан күні “Соғыс үшін ешкім жаралған жоқ” тақырыбында 9 сынып оқушыларына ерлік сабағы өтті.Іс-шараға құрметті қонақ Ауған соғысының ардагері Тойшыбеков Талғат Сарбасұлы қатысты.
Мақсаты:
-Ауған соғысы ардагерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту.
– отанын құрметтеуге,еркіндікті бағалай білуге,ұлтжанды,елжанды болуға үйрету;
– бейбітшілік үшін күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрқашан есте сақтауға,үлгі ету.
#ҚОББтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *