Skip to content

📚14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды…

📚14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, бұл кітап оқуды сүйетін және ұнататындардың мерекесі. Әдетте бұл күні бір-бірімен кітап алмасады немесе бір-біріне сыйға тартады. Жаңа, қызықты, танымдық кітап оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш және кітап әрқашанда ең керемет сыйлық болып қала береді.
📕Бұл акцияның басты мақсаты — кітаптың құдіретін арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, кітап оқуға шақыру, білім алушылардың кітап оқуы мен кітапты бір-біріне сыйлау дәстүрін қайта жандандыруға ықпал ету, кітапханаларға жақсы кітаптар тарату, технология заманында да кітап өз құндылығын жоғалтпайтын ерекше сыйлық болып қалатынын көрсету.
📘3”А” сынып оқушылары достар арасындағы сыйластықтың көрінісі ретінде кітап сыйлау үрдісін жалғастырды.
📙Кітап жақсы дос, рухани азық. Сондықтан да бір-бірімізге сүйіспеншілікпен кітаптар сыйлайық!
#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *