Skip to content

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, барлық кітапқұмарлар мен…

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні, барлық кітапқұмарлар мен кітапқа бей-жай қарамайтындардың мерекесі. Бұл күні кітаптармен алмасып, оларды оқуды ұнататындарға сыйлау әдетке айналған.

Жыл сайын мектебіміздің кітапханасында ақпан айы – дәстүрлі түрде кітап сыйлау айы деп жарияланған. Акцияның басты идеясы – кітап әрқашан керемет сыйлық болған және солай болып қала беретінін еске салу, ал жаңа, қызықты, танымдық кітапты оқу – кез келген адам үшін үлкен қуаныш.
3”А” сынып оқушылары мектеп кітапханасына қызықты кітаптар сыйлады.
Сынып жетекшісі: Толеубаева Салтанат Толқынбекқызы
#біртұтас_тәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *