12.11.2024 күні «Төрт тоқсан – төрт өнер» тұжырымдамасы аясында 3-5-6 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» жарысы өтті.
Мақсаты: Ұлттық ойындары арқылы балалардың ептілік, дәлділік, тапқырлық, байсалдылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.Топта жұмыс істей білуін қалыптастыру, патриоттық сезімдерін және Отанға, туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру. Асық ойынына деген қызығушылығын арттыру.Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Жарысқа 14 оқушы қатысты.Жарыс нәтижесі бойынша: Рыскелдинов Д.-1 орын,Сайран М.-2 орын, Мекенов Д.-3 орынды иеленді.





