1- наурыз күні 5 «Ә»сыныбы «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатына кездесуге өз мамандығының майталманы,ісімен де,сөзімен де үлгі тұтарлық Үйсінбаев Дулат ағамыз келіп қатысты.Кездесу өте әсерлі өтті.
Мақсаты:
-оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
-оқушыларды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.
-оқушылардың қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейрімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;
-оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official




