1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау дегеніміз – әрбір сәбидің
тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні гүл.
Бақыт туын көтерген,
Балалардың күні бұл.
Бұл күні орталық алаңда балаларға арналған мәдени-көпшілік ойын-сауық,балалардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Сонымен қатар, кентіміздегі кәсіпкер Еркежан өз отбасы атынан қамқорлық акциясын өткізді, балмұздақ үлестіріп,балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Халықаралық балаларды қорғау күні – адамзаттың болашағы саналатын ұрпақ алдындағы жаһандық жауапкершілікті еске салатын күн. Әрбір бала сүйіспеншілікке, қамқорлыққа және қауіпсіз ортада өсіп-жетілуге лайық. Бұл тек ата-ананың немесе мектептің емес, тұтас қоғам мен мемлекеттің міндеті.
#Біртұтас_тәрбие
#балалардықорғаукүні










