1-Қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов: «Бас прокуратура тұрақты негізде қамауда отырған адамдарды ұстау жағдайларына тексеру жүргізуде.
Әрбір күдіктімен жеке қабылдау жүргізіледі, ұстау шарттарына шағым болған кезде – шаралар дереу қабылданады.
🛑 Қамаудағылардың өтініштері негізінен үй-жайлардың температуралық режиміне, сәлемдемелерді алудың қиындығына, туыстарымен кездесуді ұйымдастыруға және басқаларға қатысты болды. Қазіргі уақытта осы мәселелердің барлығы шешілді.
🛂 Қамауға алынған адамдар ұсталатын үй-жайларды күн сайын прокурорлар ғана емес, құқық қорғау ұйымдары да тексереді».

