1 қыркүйек-білім күні. Тәуелсіз еліміз-Қазақстан Республикасының тарихындағы, сондай-ақ Қазақстанның әрбір азаматының, мектеп жасындағы баланың өміріндегі елеулі күн.
1 қыркүйек,әсіресе,мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттағалы тұрған, жаңа өмірге қадам жасаған бірінші сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Бұл олардың жадында сақталатын және тебірене еске алатын күн болады.
Бұл күн- бүлдіршіннің балалықтың бал-шағымен қоштасып, білім еліне аттаған алғашқы қадамы.
Саяқ кентінің №6 жалпы білім беретін мектебінде «Терең білім,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өтті.Жиынға Саяқ кентінің әкімі Ботаханов А.Т., әкелер кеңесінен Үйсімбаев Д.Ү. және ардагер ұстаздар қатысты.Жиын барысында Мектеп директоры Жумашева М.Ж. жаңа оқу жылымен құттықтай отырып,өткен оқу жылында жеткен жетісіктерге тоқталды. Сонымен қатар,мектебімізге демеушілік және оқушыларға қамқорлық жасаған кент азаматтары, ата-аналар алғыс хатпен марапатталды.Жиынға шақырылған қонақтар өздерінің жүрекжарды лебіздерін арнап,жаңа оқу жылымен құттықтады.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi #қоббтәрбие #білімкүні #алғашқықоңырау
#балаларжылы09







